«Депутаттар кілең iPhone 15 ұстайтын болған ғой»: Оралда жас бала мәжілісмендерді састырды

Оралхан Қожанов

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерді аралап жүргені белгілі. Оралдағы эвакуациялық пункттердің бірінде болған қызықты оқиға әлеужеліде тарап кетті, деп жазады Ulysmedia.kz.

скриншот

Құрамында Еділ Жаңбыршин, Абзал Құспан, Ринат Зайытов және Нартай Аралбайұлы бар топ эвакуациялық пункттердің біріне кіріп, балалардың жағдайын сұрайды.

Сол кезде “еті тірі” бала:

“Депутаттар iPhone 15 қана ұстайтын болған” деп жиналғандарды күлкіге қарқ қылды.

Мұндайды күтпеген депутаттар “Менде Самсунг” деп ұялы телефондарын көрсетіп, ақталуға тырысқанын аңғаруға болады.

Айта кетейік, бұған дейін құлсарылықтар “біз сайлаған депутаттар қайда?” деп жан айқайын жеткізген болатын.