Біз сіздермен біргеміз: әйгілі боксшы Канело Қазақстанға қолдау білдірді

Аян Өрібай

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Канело Альварес су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына қолдау білдірді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

- Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз, – деп жазды инстаграмында боксшы.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.