Ақорданың хабарлауынша, Арменияның мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өткен, деп жазады Ulysmedia.kz.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшысы мен премьер-министрмен келіссөз өтетін залға барған.