Астанада 8-сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кеткен

Ulysmedia

Астанада №72 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы білім ордасының 4-қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: elements.envato.com

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем оқиға орнына дереу шақырылған. Бала ауруханада жатыр.

Жәбірленушінің миы шайқалған, кеудесі мен іші жарақаттанған, оң жақ білегі мен оң аяғы сынған, - делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр. Бұл факті бойынша қалалық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.