«Қазгидромет» синоптиктері 18 сәуір, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Тек еліміздің солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттарға байланысты найзағайлы жаңбыр сақталады.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, – делінген хабарламада.