Атырауда 89 жастағы қарт әжей өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол көп мөлшерде дәрі-дәрмек ішкен. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Привокзальный шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 89 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсады. Қазіргі уақытта қалалық Полиция басқармасы суицидке итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп мәлімдеді Атырау облыстық Полиция департаменті.