Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстанда әлі де эвакуация жұмысы жалғасып жатыр

Ulysmedia

ТЖМ Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар белсенді түрде жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда олар 23 саяжай бірлестігінің 1000-нан астам аулаcын аралап, бірнеше отбасы мен жануарларды эвакуациялады.

Сонымен қатар құтқарушылардың күштерімен инертті материал толтырылған 2000-нан астам қап төселді.

Елордалық құтқарушылар да облыстағы су басқан аудандарда құтқару және эвакуациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, 19 сәуірдегі ақпарат бойынша 118 116 адамды, оның ішінде 44 241 баланы құтқарылыпп, эвакуацияланды. Қауіпсіз жерге 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары айдалды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.