Алматы облысында полицейге оқ атқан тұрғын ұсталды

Ulysmedia

Алматы облысында қарулы адам полицияға оқ атқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Не болды

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 17 сәуірде Алматы облысының елді мекендерінің бірінде шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғын қарудан оқ атқан.

Тергеу жүргізіліп жатыр

Салдарынан тәртіп сақшысы жарақат алды. Жараланғанына қарамастан полицей ер адамды құрықтады. Ұсталған адам мас күйде болған. Күдіктінің іс-әрекетінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар деп танылды. Қазір осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.