Жаз бойы ыстық су болмайды

Ulysmedia

Ақтауда жаз бойы ыстық су болмайтыны белгілі болды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Неге ыстық су болмайды?

Бұл туралы МАЭК (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты) мәлімдеді. 22 сәуірден бастап ыстық су бес күнге ажыратылады, өйткені жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіледі. 

 "Биыл мамыр айынан бастап жылу магистральдық құбырларды реконструкциялауға байланысты жаз бойы қалаға ыстық су жіберілмейді”- деді МАЭК.