Тасқыннан бүлінген дүние-мүліктердің құны өтеледі

Ulysmedia

Су тасқыны кезінде жоғалған немесе кәдеге аспай қалған тұрмыстық заттардың да құны өтеледі деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды.  

Тізімде жиһаз да бар 

  • тамақ сақтауға және дайындауға арналған заттар 
  • тамақ ішуге және ұйықтауға арналған жиһаз заттары 
  • азаматтарды ақпараттандыру құралдары 
  • сумен жабдықтау және жылыту құралдары  

Бұл өтемақыны жергілікті атқарушы органдар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттан қарастыратын болады. 

“Бұдан басқа, Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде үлкен судан зардап шеккен егістік жер иелері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық көмек көрсету алгоритмі әзірленетін болады.” – деді Үкіметтің баспасөз қызметі.  

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.