Оралда Жайықтың су деңгейі қауіпті шектен асып кетті

Оралхан Қожанов

Орал қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 852 сантиметрге жетті, деп жазады Ulysmedia.kz.

inbusiness.kz

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 21 сәуір таңғы сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, өзен деңгейі облыс орталығындағы гидробекетте бір тәулікте 24 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шектен (850 см) асып кетті.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 902 (+3, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 833 (+29, 850 см), Тайпақта 514 (+10) сантиметрді көрсетті.

Сондай-ақ Көшім каналындағы су деңгейі 824 сантиметрге (+11, қауіпті шегі – 800 см) жетті.

Шаған өзені деңгейі Чувашин ауылында 731 (+18, қауіпті шегі – 1 300 см) сантиметр болды.

Бәйтерек ауданы Рубежка өзені деңгейі 946 см (+3) болып, қауіпті шекке (1 мың см) жақындады.

Естеріңізге салсақ, кеше Оралдағы өзен деңгейі шекті деңгейге жақындағанын жазған едік.