Берлинде Қазақстанға гуманитарлық көмек жиналуда

Оралхан Қожанов

Берлиндегі отандастарымыз да елде су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл игі істі суретші Раушан Толғанбаева мен ерікті Виктория Бурлакова қолға алды. Олар бір апта ішінде үлкен 6 қорап жинаған. Оның ішінде көрпе-жастық, гигиена құралдары, балалар тағамы тіпті малға арналған жем-шөп те бар. Жүктерді қабылдау әлі жалғасады. Жақын арада Қазақстанға жөнелтеді. Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдау үшін неміс-қазақ қоғамы да қаражат жинауды жоспарлап отыр.

“Жылу жинау жалғасуда, аз да болса өз үлесімізді қосқымыз келеді. Жерлестеріміз үшін қажетті заттарды жинаймыз деп үміттенеміз. Германияда жүрген қазақ дипломаттармен сөлестік, олар да көмектесетінін айтты. Ең бастысы осы көмек Қазақстанға жетсе болды. Елшілік бізге көмектесетінін, бәрін қадағалайтынын айтты. Су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың жайына бей-жай қарай алмаймыз. Біраз уайымдадық”, дейді Раушан Толғанбаева.