×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ресейдің журналисі Бишімбаевтың сотына қалайша оп-оңай кіріп кетті

22.04.2024, 18:46
Фото: Скриншот

Министр Балаева Бишімбаевтың сот процесін қадағаламайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан мәжіліс кулуарында журналистер Ксения Собчак өзінің сапарын министрлік арқылы мақұлдады ма деп сұраған. Журналистер шетелдік тілшіге неліктен артықшылық берілгенін білгісі келді.

Журналист сотта зардап шеккен тараптың туыстарының жанында отыр. Ал қалған журналистерге сот залында отыруға тыйым салынады. Қазақстандық БАҚ өкілдері сотты процесті бөліп тұрған қоршаудан бақылайды.

Жауап

Балаева Собчактың келісінен министрлік хабарсыз болды дегенге келтіреді.

– Білмеймін, мен мұның мән-жайын білейін, өйткені өзім де бұқаралық ақпарат құралдарынан көрдім. Өздеріңіз белсенді түрде ол жерден ақпаратты таратып отырсыздар. Мен сот ісін қарап отырған жоқпын, тек сіздердің материалдарыңыздан білемін, - деді министр.

Бүгін Бишімбаевтың сотына ресейлік танымал журналист Ксения Собчак келген еді.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары