"400 метрге 10 мың теңге." Қостанайда көліктерді жолдан өткізуге ақша сұраған

Ulysmedia

Қостанай облысында судың асфальтқа жайылуы салдарынан көліктердің жүруі қиындаған. Осыны пайдаланып біреулер жолдан өткізгені үшін ақша сұрап жүр екен деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

Ашық дереккөзден

400 метр үшін 10 мың теңге

Бұл туралы Қостанай облысының “Наша газета” телеграмм арнасында жазылды. Екатеринбург – Алматы тас жолының учаскесінде 400 метр жерден аман-cау өткізу үшін 10 мың теңге сұраған.  

Жүруге тыйым салынған 

"Қазавтожол” компаниясы үнсіз қалмады. Алдымен бұл Тобыл мен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы арасындағы 716 шақырым жол учаскесі екенін хабарлады. Және бір аптадан бері бұл учаскеде еріген судың жолды басып қалуына байланысты жеңіл автомобильдерге жүруге тыйым салынғанын айтты. 

Эвакуаторлар болуы мүмкін  

Сондай-ақ “Қазавтожол” компаниясы бұл учаскеде ақылы қызмет көрсетпейтінін атап өтті. Сондықтан жергілікті эвакуаторлар осы жағдайды пайдаланып қалуы мүмкін деп болжады.  

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.