Эбрахим Раиси Иран Израильді Иран консулдығының ғимаратына қарсы шабуыл жасағаны үшін зымыран соққысымен "жазалады" деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Иран президенті Эбрахим Раиси енді Израиль Иран территориясына қарсы қандай да бір агрессия танытса жойып жіберетінін айтты деп жазды IRNA агенттігі.
“Бұл режимнен бірдеңенің қалуы екіталай"
"Егер Израиль режимі тағы бір рет қателік жіберіп, Иранның қасиетті жеріне шабуыл жасаса, жағдай басқаша болады. Бұл режимнен бірдеңенің қалуы екіталай",-деді Эбрахим Раиси Пәкістанның Пенджаб қаласындағы элитамен кездесуде.
Еврей мемлекетіне тікелей шабуыл
Эбрахим Раиси сәуірдің басында Сириядағы Иран консулдығының ғимаратына қарсы шабуыл жасағаны үшін Израильді зымыран соққысымен "жазалағанын" атап өтті.
14 сәуірге қараған түні Иран Израильге қарай жүздеген дрондарды, сондай-ақ қанатты зымырандарды ұшырды. Бұл Ислам Республикасының еврей мемлекетіне алғашқы тікелей шабуылы болды. Бұл қадам Израильдің 1 сәуірде Дамаскідегі (Сирия) Иран дипломатиялық ғимаратына жасаған зымырандық шабуылына жауап ретінде жасалды.
Израильдің шабуылы Иран Ислам революциясы сақшыларының жоғары дәрежелі мүшесін және тағы сегіз офицерін өлтірді.
Ирандық шабуылдан Израиль аса көп зардап шекпеді. Зымырандар мен дрондардың 99% - ы ауада ұсталып немесе жойылды.