Көктем келді деуге асықпаңыз
- Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.
- 26 сәуірде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
- Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с.
- Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
- Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.
- Алматыда түнде және таңертең қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
- Ақмола облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
- Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
- Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
- Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с күтіледі.
- Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
- Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
- Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
- Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15- 20 м/с.