Жүк көліктері енді елді мекен ішінде жылдамдықты сағатына 50 шақырымнан асыра алмайды

Ulysmedia

Ішкі істер министрлігі ауыл, қала ішінде жүк көліктерінің рұқсат етілген жылдамдығын сағатына 60 шақырымнан 50-ге дейін азайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Не үшін

Ведомствоның түсіндіруінше, жүк көліктері жасайтын жол-көлік апаттарының зардабы бірнеше есе ауыр. Сондықтан мұндай жол апаттарының санын азайту мақсатында осындай норма енгізілмек. 

Жол-көлік оқиғасын 25%-ға төмендетеді

Жол көліктері сағатына 50 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда өлім мен жарақат көрсеткіштері айтарлықтай төмендейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша, жылдамдық режимін сағатына 50 километрге дейін төмендету жол-көлік оқиғасы кезінде өлім ықтималдығын 25 пайызға төмендетеді, аман қалу мүмкіндігін арттырады, – делінген ІІМ түсіндірмесінде.