Қазақстандағы су тасқыны: қанша адам әлі үйіне қайта алмай отыр

Сырым Қаржас

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі су тасқыны салдарынан эвакуацияланған 39 254 адамның үйлеріне оралғанын хабарлады. Алайда пункттерде әлі 6727 адам бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Су тасқыны басталғаннан бері 12,8 миллион текше метрден астам еріген су сорылып, 6,6 миллионнан астам қапшық пен 1,5 миллион тонна инертті материал төселген.

Сенім телефонына 2250 қоңырау түскен.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.