Қазақстанда қорғаныс шығыны 1,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды

Сырым Қаржас

Сарапшылардың айтуынша, былтыр қорғаныс саласындағы шығынның ең көп үлесі Алматыда жұмсалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Экономикалық зерттеулер институты Қазақстандағы қорғаныс шығындарын талдау нәтижесін жариялады.

Толығырақ

– 2023 жылы қорғаныс шығындары Қазақстанның республикалық бюджетінің барлық шығындарының 5,1% құрады (2022 жылы 6,0%). Қорғаныс шығындарының сомасы 2022 жылмен салыстырғанда 2,5% – 1,1 трлн теңгеге (2022 жылы 1,07 трлн теңге) дейін ұлғайды, - делінген басылымда.

Қаражат қайда жұмсалды

Былтыр қорғаныс шығындарының 78,7% әскери қажеттіліктерге (Қарулы Күштердің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуын қамтамасыз ету және т.б.) тиесілі болды.

Тағы 21,3% төтенше жағдайлар бойынша жұмысты ұйымдастыруға (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы қызметті ұйымдастыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу және реконструкциялау және басқалар) кеткен.

Былтыр қорғаныс шығындарының ең көп үлесі Алматы – 24,2% (2022 жылы 18,3%), Ақмола облысы – 10,4% (2022 жылы 18,9%) және Түркістан облысына – 9,6% (2022 жылы 3,9%) тиесілі болды.