Бөгет жарылып салдарынан 42 адам көз жұмды

Ulysmedia

Шығыс Африка елдерінде толассыз нөсер жауын салдарынан сел жүріп, жолындағының барлығын қиратып жатыр деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

reuters.com

Бөгет бұзылған

Табиғи апат жайында Reuters агенттігі жазды. Оқиға Кенияның Камучири ауылында болған. Қарқыны қатты жаңбырдан пайда болған сел бөгетті бұзып өткен. Қаза болғандардың саны кемінде 42 адам. Құрбандардың саны әлі де көбеюі мүмкін.  

“Біз Хиджаб аймағында таңертең бөгетті бұзылып 42 адамның, оның ішінде 17 баланың денесін таптық. Құтқару және іздеу жұмыстары жалғасуда", - деді Найваши полициясының бастығы Стивен Кируи. 

Қаза тапқандар саны 140-тан асты

Өткен айдан бері нөсер жаңбыр мен су тасқынынан қаза тапқандар саны 140-тан асты. Кампучиядағы оқиғаны есептемегенде, Үкіметтің мәліметінше, 103 адам қаза тауып, 185 мыңнан астам адам үйлерін тастап кеткен. 

Шығыс Африканың басқа елдерінде...

Шығыс Африканың басқа елдерінде, соның ішінде Танзания мен Бурундиде қатты нөсер салдарынан ондаған адам қаза тауып, жүздеген мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Су тасқыны инфрақұрылымға, соның ішінде жолдар мен көпірлерге үлкен зиян келтірді. 

Кения астанасы Найробидің халықаралық әуежайындағы жол жерасты өткелі су астында қалды, бірақ рейстер кестесі өзгермеді.  

Ғалымдар бұл бұл табиғи апаттарды климаттың өзгеруімен байланыстырды.