Бишімбаев соты: Собчак пен Грейстің Сыртқы істер министрлігінен аккредитация алмағаны белгілі болды

Ulysmedia

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

“Сыртқы істер министрлігіне жүгінбеді.” 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Бишімбаев ісіндегі сот процесіне қатысқан Наталья Грейс пен Ксения Собчакқа қатысты жауап берді.

"Біріншісі де, екіншісі де аккредитация үшін Сыртқы істер министрлігіне жүгінбеді. Олардың сотқа қалай қатысқанын сіздер сот өкілдерінен нақтылай аласыздар", - деп жауап берді Айбек Смадияров журналистер сұрағына. 

Бұған дейін 

Еске салайық, бұған дейін Бишімбаев ісіндегі сот процесіне ресейлік блогер Наталья Грейстің келгенін жазған едік.  

Ол күтпеген жерден сот залында пайда болып, жан-жағын суретке түсіре бастады. Бұған жәбірленуші тараптың адвокаттары бірден жауап қатып, ол зорлық-зомбылық көріністері болған ноутбук мониторын әлгі коуч түсіріп алды деп айыптады. Алайда Грейс фактіні мойындамаған жоқ, камераны сот орындаушыларына тексеруіне тура келді. Ақыры, дау реттеліп, адвокаттар ноутбукты үстелдің астына қойды. 

Одан бұрын ресейлік журналист Ксения Собчак та келген еді.  

Ол өзін бұл процесске арнайылып ешкімнің шақырмағанын, өз қалауымен келгенін мәлімдеді.  

“Бізді соттың тараптардың ешқайсы шақырған жоқ. Мен Жоғары сот арқылы аккредитациядан өттім. Оның баспасөз хатшысымен менің командам байланыста болды. Бізді қайда отырғызды, сонда отырдық”,- деп жазды Ксения Собчак.