Астанада жеті жыл бойы 130 млн теңгені қолды қылған бухгалтерлерге үкім шықты

Ulysmedia

Елордада мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтаған. 

– 7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады. Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, – делінген хабарламада.

Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілген. Үкім заңды күшіне енді.