«Жалған емес»: Мемлекеттік корпорация eGov пайдаланушыларына үндеу жолдады

Ulysmedia

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға 1414 нөмірінен жіберілген хабарлама жалған емес деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: my-egov-kz

Мемлекеттік корпорация eGov пайдаланушыларына үндеу жасады.

1414 нөмерінен келген хабарлама жалған емес. Бұл хабарлама eGov mobile-да тіркелмеген пайдаланушыларға жіберілді. EGov mobile мобильді қосымшасы әртүрлі өмірлік жағдайларда, сауалнамалардан өту үшін, сондай-ақ жаңалықтармен бөлісу үшін жеке SMS және push-хабарламаларын жібереді, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері қазақстандықтарға көрсетілген сілтемеге өтіп, eGov mobile мобильді қосымшасын орнатуға болатынын айтты.