“7 мыңнан астам адам мемлекеттік шекараны бұзған”: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Ulysmedia

Сондай-ақ, ҰҚК материалдары бойынша терроризм мен экстремизмге қатысы болғаны үшін 25 адам сотталған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ақорда

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында есеп берді. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды. 

Терроризм мен экстремизм

  • Жыл басынан бері ҰҚК материалдары бойынша терроризм мен экстремизмге қатысы болғаны үшін 25 адам сотталған, сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында тағы 13 адам ұсталған. 

Қылмыстық топтар туралы 

  • ҚР ҰҚК ҚР ІІМ бірлесіп, 6 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойған. Нәтижесінде 35 адам тұтқындалған. Заңсыз айналымнан 148 қару, қолдан жасалған 5 жарылғыш құрал, 32 граната және 4431 оқ-дәрі тәркіленген. 

Есірткі жөнінде 

  • Есірткі бизнесіне қарсы күрес аясында 16 операция жүргізілген. Есірткі тасымалдайтын 18 халықаралық және 9 өңірлік арна, сондай-ақ 10 есірткі зертханасы жойылған. 800 келіден астам есірткі және психотроптық заттар, 14 тонна химиялық реагенттер мен көкнәр шикізаты тәркіленген. 

Сыбайлас жемқорлық 

  • Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде мемлекетке 707 миллиард теңгеден астам сома залал келтіруге жол берілмеген және бюджетке 1,2 миллиард теңге қайтарылған. 

Шекара  

  • Мемлекеттік шекараны бұзған 7 мыңнан астам адам ұсталған. Шекара арқылы қару-жарақ пен оқ-дәрі, есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды тасымалдауға қатысты 395 әрекеттің жолы кесілген. Сондай-ақ 3,2 миллиард теңге көлеміндегі валютаны және құны 7,6 миллиард теңге болатын тауарларды заңсыз өткізуге тосқауыл қойылған. 

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жасалған 50,3 миллион кибер және 819 DDoS-шабуылға тойтарыс берілгені туралы баяндады.