Павлодар облысында аудандық прокуратураның қызметкерінің денесі табылды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz “Қазақпаратқа” сілтеме жасап.
Аталған фактіні Баянауыл аудандық прокуратурасы растады.
«Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне қатысты облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1–тармағы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі.
Марқұмның денесін әріптесі тапқан.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын-ала расталмаған ақпаратқа сәйкес ер адам өзін-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Қайтыс болған азаматтың соңында екі баласы мен әйелі қалды.