Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты

Ulysmedia

Оқыс оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

egov.kz

«Астана-Петропавл» тасжолында

Жол апаты Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» тасжолында болған.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше сағат 16:00 шамасында Тайынша ауданы аумағында «Chrysler» жеңіл автокөлігі мен «Volvo» жүк көлігі соқтығысып қалған. 

«Chrysler» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен 52 жастағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақатынан қайтыс болды. 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеті» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.