“Азамат, Аружан, Мәдина”: Қазақстандағы ең танымал есімдер қайсы?

Ulysmedia

Ұлттық статистика бюросы  танымал есімдер мен тектерді жариялады, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Бюро мәліметінше 10 реттен көп кездесетін 33 мыңнан астам есім және 100-ден астам рет кездесетін 29 мың тектің бары анықталды. 

Қазақстанда ерлер әсімі:

  • Азамат (63 мың адам); 
  • Серік (53 мың адам); 
  • Марат (50 мың адам). 

Әйелдер есімі: 

  • Аружан (73 мың адам), 
  • Мәдина (59 мың адам), 
  • Динара (59 мың адам). 

Сондай-ақ, 585 мың адам унисекс есімді арқалап жүр дейді Ұлттық стастистика бюросы. Яғни әйелге де, ерлерге қойылатын есімдер.  Олардың ішіндегі ең танымалы Бақыт пен Сәулет. 

Қазақша ер адамның есімдеріне  «бай», «бек», «жан», «хан» сөздері көп жалғанған. Әсіресе «хан» сөзі бар есімдер соңғы 30 жыл бойы тұрақты түрде өсіп келеді. 

Қазақтар қысқа есімдерді көбірек ұната бастаған. Бір қызығы, 70-80-жылдарды қоспағанда, ерлердің есімдері әйелдердікінен ұзағырақ болады.