Көктем кеш келеді: Жеңіл киінуге асықпаңыз

Ulysmedia

"Қазгидромет" мамыр айының алғашқы он күнінде ауа-райы қандай болуы мүмкін екендігін болжады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Қатты жел және бұршақ

"Қазгидромет" болжамынша мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жиі жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр, кей күндері найзағай, қатты жел және бұршақ жауады.  

  • Онкүндіктің басында және ортасында республиканың солтүстігінде, орталығында,шығысында,оңтүстік-шығыс аудандарының таулы және тау бөктерінде түнде қарға ұласатын жаңбыр күтілуде. 
  • Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында  түнде -5+3°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +20+28°С-қа дейін; 
  • Ал, Қазақстанның оңтүстік жартысында - түнде -3+5°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +25+30°С-қа дейін. 
  • Батыста  түнде +8+18°С-тан -3+7°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+15°С-қа дейін. 

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылауы мүмкін: 

  • Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +10+18°С дейін, күндіз +25+35°С дейін; 
  • Оңтүстік жартысында түнде +15+23°С дейін, күндіз +30+40°C ыстыққа дейін. 

Найзағайлы жаңбыр

Мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінің кей күндерінде  найзағайлы жаңбыр жауады деген болжам бар. Сондай-ақ ыстықтың аздап төмендеуі - солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С дейін күтілуде. 

Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің батыс аймақтарында норма шамасында болады деген болжам бар.

Мамыр айында жауын–шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.