Абайлаңыз, жол жабылады: “Қазавтожол” ескертеді

Ulysmedia

“Қазавтожол” компаниясы бірнеше автомобиль жолының уақытша жабылғанын мәлімдеді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

Әлеуметтік желіден

“Қазавтожол” компаниясының баспасөз қызметі ауа райына байланысты Ақмола және Павлодар облыстарында жолдың жабылатынын хабарлады.  

“2024 жылғы 1 мамырда сағат 00:00-де ауа райының күрт өзгеруіне байланысты “Астана-Ерейментау-Шидерті” автомобиль жолының 16-200 шақырымында (Астана қ. - Павлодар облысының шекарасы учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды,” - деді компанияның баспасөз қызметі.  

Тура осындай жағдай Павлодар облысында да болмақ.  

“2024 жылғы 1 мамырда 00:00-де Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеріне байланысты “Астана-Ерейментау-Шидерті” автомобиль жолының 200-254 шақырымында  (Ақмола облысының шекарасы - Шидерті а. учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.” - жазылған “Қазавтожолдың” шұғыл хабарламасында.