Үкімет әскери техниканы беру құқығынан айыруды жоспарлап отыр

Ulysmedia

Индустрия және құрылыс министрлігінің мәліметінше, Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: REUTERS

Не болды

Индустрия және құрылыс министрлігі қару-жарақ пен әскери техника айналымы ережелерін бекітетін Үкімет қаулысына өзгерістер әзірледі.

Толығырақ

Құжатқа сәйкес мынадай өзгерістер енгізіледі:

Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілер арасында қару-жарақ пен әскери техниканы беру бірлескен бұйрық қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Бірлескен бұйрықты қабылдаушы тарап әзірлейді және оны тапсырушы тарап келіседі, - делінген құжатта.

Енді әскери техниканы беру туралы шешімді Қазақстан Үкіметі қабылдайды.