Судья Бишімбаевтың бұрынғы әйелінен жауап алудан бас тартты

Ulysmedia

Зардап шеккен тараптың адвокаты Жанна Уразбахова сотқа Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманды жауапқа шақыру туралы өтініш берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Судья Айжан Құлбаева бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, сот тергеп-тексеруін тоқтатып, тараптар арасындағы пікірталасқа көшу туралы шешім қабылдады.

Бишімбаевтың соты

Басты сот 1 сәуірде басталды.

Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Азаптау), 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру), 14-бабының 2-бөлігі (Аса ауыр қылмыстың қайталануы) бойынша айып тағылуда. Ол өз кінәсін мойындамайды.

Аумағында кісі өлтіру орын алған астаналық Гастроцентрдің директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды (ҚК 432-бабы) және ауыр қылмыс туралы хабарламағаны (ҚК 434-бабы) үшін айыпталып жатыр.