Балмұздақ тиеген жүк көлігі 29 баланы қағып кетті

Ulysmedia

Қырғызстанның Созақ ауданында балмұздақ тиеген шағын жүк көлігі бірнеше баланы қағып кетті деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

kabar.kg

“Манасты” орындауы керек болған

Оқыс оқиға туралы  Kabar.kg. ақпараттық агенттігі жазды. 

Полицияның мәліметінше оқушылар республикалық байқау аясында “Манас” эпосын орындап сайысқа түсуі керек болған. Дәл осы кезде HYUNDAI Porter шағын жүк көлігі белгісіз себептермен төменге қарай құлдырап, киіз үйге соғылған.  

9 бен 16 жас арасында

Зардап шеккендер 9 бен 16 жас арасындағы жасөспірімдер. Олардың жетеуі аудандық ауруханаға жатқызылған. Үшеуінің жағдайы ауыр. Тағы үш бала Созақ аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Сегізі орталық ауруханаға жатқызылған. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.  

Ал 11 балаға апат орнында медициналық көмек көрсетіліп, кейін олар амбулаториялық емге жіберілді.