122 миллион теңге: Алматыда заңсыз кен өндіргендер ұсталды

Ulysmedia

Алматыда заңсыз кен өндіріп, мемлекетке ірі көлемде залал келтіргендер ұсталды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Polisia.kz.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы 

Өз бетінше кен өндіру өзендердің бірінің бойындағы кен орнында жүргізілген. Сол жерден алынған топырақ сараптамаға жіберіліп, кейін оның оң нәтижесі келген. Материал көлемі 27 мың текше метрден асады.  

122 млн теңгеден асады

Кен Алматы мен Алматы облысының аумағында сатылған. Тергеу есебі бойынша мемлекетке келтірілген залал 122 млн теңгеден асады.  

 "Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іске қатысы бар тұлғалар анықталды. Олардың әрқайсысының қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар – жоғы тексеріледі", - деп хабарлады Polisia.kz. 

Заңсыз қызметке пайдаланылған 47 автокөлік пен арнайы техника айыппұл тұрағына қойылған. Тергеу әлі де жалғасады.