Бетіне газ шашып жіберді: Астанада автобус билетін көрсеткісі келмеген жігіт 73 000 теңге айыппұл арқалады

Ulysmedia

Ол өзіне ескерту жасаған жанның бетіне газ шашып жіберген деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Жазбаны City Transportation Systems (CTS) компаниясы жариялады. Компанияның мәліметінше бақылаушы жігіттен жол ақысын төлеген түбіртекті көрсетуін сұраған. Бірақ, азамат бас тартады.  

"Салондағы басқа жолаушылар ер адамға ескерту жасаған. Жолаушылардың бірінің жеке ескертуіне жауап ретінде ол газ құтысын қолданған. Құқық бұзушыға қатысты 73 840 теңге айыппұл салу туралы әкімшілік хаттама толтырылды. Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте жол ақысын уақтылы төлеуді, тексеруге ақы көрсетуді, сондай - ақ басқа жолаушыларды құрметтеуді сұраймыз", - деп хабарлады CTS. 

Осылайша 90 теңге төлеуден қашқан азамат 73 000 теңге айыппұл арқалады.