"Қазгидромет" Қазақстанның әр аймағында алдағы күндері қандай ауа-райы болуы мүмкіндігін болжады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнгі уақытта еліміздің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі... Республикамыз бойынша екпінді жел сипаты тән, оңтүстік өңірде қатты жел тұрса, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанады. Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, топырақ бетіне мұз қатады деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК
Өрт қаупі жоғары
Сондай-ақ, синоптиктер Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау өңірінің батысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Ақтөбенің, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, орталығында өрт қаупі жоғары екенін ескертеді.