130 мың литр жанармайды заңсыз алып өтпек болған

Ulysmedia

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Оған Энергетика министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік кірістер комитеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы қатысты деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Қор жеткілікті

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мирзағалиевтың айтуынша, нарықтағы жағдай тұрақты және жанар-жағармайдың барлық түрі бойынша қор жеткілікті. 

130 мың литр

Жыл басынан бері бақылау-өткізу бекеттерінде шамамен 130 мың литр көлемінде жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 900-ге жуық дерегі анықталып, жолы кесілген.  

Биыл Қаржылық мониторинг агенттігінде жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын 6 мың тонна жанар-жағармайдың заңсыз сатылуы бойынша 13 дерек тіркелген.  

Келісім бар

Сондай-ақ кеңесте ресейлік тараппен қажет болған жағдайда жанар-жағармай жеткізу туралы Үкімет деңгейіндегі келісім бар екені атап өтілді. 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау және оны елден заңсыз шығару әрекеттерінің жолын кесу бойынша нақты тапсырмалар берді.