Ұлттық статистика бюросы қазақстандық ер азаматтардың қай салаларда еңбек ететінін жазды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған ерлер саны 4 711,7 мың адамды құрады.
Ер азаматтардың басым көпшілігі, дәлірек 777,5 мың адам өнеркәсіп секторында жұмыс істейді. Одан кейін 653,2 мың ер адам көтерме және бөлшек саудада. Ал 637,1 мың ер азамат еңбек ететін ауыл шаруашылығы саласы үшінші орында.
Құрылыста 520 мың ер адам еңбек етеді. Көлік пен қоймада 513,1 мың ер азамат жұмыс істеп жүр. Мемлекеттік басқару және қорғаныста 335,1 мың ер адам бар екен.
Басқа салаларда:
35-44 жас аралығындағы негізгі жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі (1,2 млн) — 51,7 мың ер адамның қосымша жұмысы бар.