Газға қарызы бар тұрғындар мәжбүрлеп мақта теруге жіберілді

Ulysmedia

Түрікменстан билігі маска режиімін бұзғандарды және коммуналдық төлем бойынша қарызы бар тұрғындарды мақта мен қызылша жинауға мәжбүрлеп жіберуде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Repost.uz-дің мәліметінше,  қазір елдің Берекет және Сердар этраптарында маска тақпай жүрген,  сондай-ақ электр энергиясы мен газға қарызы бар азаматтар мақта теруге, қызылша жинауға жіберіліп жатыр. Бұл тәртіпке көнбей, қарсылық танытқандарға полиция күш қолданып, алқаптарға мәжбүрлеп алып барады.

Тұрғындардың айтуынша, Балқан велаятының билігі де Үкіметтің кезекті жиынында осындай мәжбүрлі еңбек тәртібі арқылы ғана жоспарды орындай алатындарын мәлімдемек. Өйткені биылғы маусымда алқаптарда мақта теру науқаны не бәрі 21 пайызға орындалған.

Сондай-ақ, алимент бойынша берешегі бар азаматтарда осындай жұмысқа тартылуда.