Израиль армиясы Газа секторының «Рафақ» бекетін бақылауына алды

Сырым Қаржас

ЦАХАЛ қолбасшылығы Газа секторы жақтағы "Рафақ" бақылау-өткізу бекетін бақылауға алғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ria.ru

ЦАХАЛ мәлімдемесіне сәйкес, Израиль әскери күштері Рафақ қаласының шығыс бөлігінен бақылау бекетіне апаратын жолды бақылайды. Израиль армиясының операциясы кезінде қарсы тараптар 20-ға жуық адам қаза тауып, ЦАХАЛ танкісіне қарай жарылғыш заттармен жылжығна көлік жойылған. Үш жерасты жол табылған. 

Рафақ-Газа секторының оңтүстігіндегі операция кезінде Израиль әскери күштері басып алмаған соңғы қала. Израиль билігі бірнеше ай бойы Хамас басшылығын толығымен жою үшін Рафақта әскери операция жүргізуді талап етті.

Алдыңғы күні таңертең Израиль армиясы Рафақтың Шығыс аудандарының тұрғындарын эвакуациялауға шақырды. Кешке ХАМАС делдал - Египет пен Катардың атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдағанын хабарлады. 6 мамырда кешке қарай ЦАХАЛ Рафақтың шығыс бөлігіндегі ХАМАС нысандарына соққы берді.

Осыны ескерсек, Израиль әскерінің Газа секторы мен Мысырдың шекарасындағы бақылау бекетін бақылауға алғанына қарағанда бітімгершілік туралы келісім әзірге күмән тудырады, деп жазады Reuters.

ЦАХАЛ күштері 2023 жылдың 7 қазанында Израильге ХАМАС лаңкестерінің шабуылынан кейін Газа секторында операцияны бастаған еді.