Теміртау маңында жол-көлік апатынан екі бала қаза болды

Ulysmedia

Теміртау қаласына жақын жерде екі көлік соқтығысты. Салдарынан екі бала қаза тауып, 10 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан кадр

Не болды

Оқиға сағат 17:56-да болған. Алматы-Екатеринбург тас жолында, Теміртау қаласына жақын жерде Toyota Camry және Chevrolet Nexia маркалы екі көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды.

Полиция не дейді

Апат салдарынан Chevrolet Nexia көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, екі көліктегі он жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қаза тапқандардың екеуі де кәмелеттік жасқа толмаған, - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінде бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.