Сұраныс жоқ: әйгілі фармацевтикалық компания ковидке қарсы вакцина өндірісін тоқтатып жатыр

Сырым Қаржас

Фармацевтика саласындағы алпауыт компания AstraZeneca бүкіл әлем бойынша Covid-19 вакцинасын қайтаратынын жариялады. Компанияның мәлімдемесінде бұл шешімге тек коммерциялық сипатқа ие екені әрі коронавирустың жаңа нұсқаларына қарсы жаңартылған вакциналардың көптігі себеп болғаны жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ВВС-ге сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

Бірнеше ай бұрын AstraZeneca компаниясы сот құжаттарында вакцинасы кейбір жағдайда қанды ұйытып, өмірге жанама қауіп туғызуы мүмкін екенін мойындады.

Оксфорд университетінде жасалған вакцина 2019 жылдың аяғынан бері бүкіл әлемге тараған Covid-19 эпидемиясы кезінде шыққан алғашқы екпе. Оны қолданысы алғашқы жылдың өзінде алты миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалды.

Еуропалық одақта вакцинаны сатуға рұқсатты ерікті түрде қайтарып алу туралы өтінішті компания 5 наурызда берді әрі ол сейсенбіде күшіне енді. Осындай өтініштер алдағы айларда Ұлыбританияда және Vaxzevria деп аталатын вакцинаны сертификаттаған басқа елдерде де берілмек.

АҚШ-та AstraZeneca вакцинасы ешқашан қолдануға рұқсат алған емес.

AstraZeneca вакцинаның коммерциялық себептермен сатылымнан шығарылып жатқанын айтты. Вакцина енді өндірілмейді әрі жеткізілмейді, өйткені ол жаңа нұсқалармен күресетін жаңартылған вакциналармен ауыстырылады, дейді өндіруші.