Путин Шойгуды Ресей қорғаныс министрі қызметінен босатты

Ulysmedia

Владимир Путин Сергей Шойгуды Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Коммерсантъ

Оның орнына кім келді

ТАСС-тың жазуынша, Ресей президенті Николай Патрушевті Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатқан.

Сергей Кужугетович Шойгу 1955 жылы 21 мамырда Тува АКСР Чадан қаласында (қазіргі Ресей Федерациясы, Тыва Республикасы) дүниеге келген.

1977 жылы Красноярск политехникалық институтын (қазіргі Сібір федералды университетінің құрамында) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты. 1996 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында (қазіргі РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы) «әлеуметтік-экономикалық зиянды азайту мақсатында төтенше жағдайларды болжау кезінде мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру: жер сілкінісі мысалында» тақырыбында диссертация қорғады.

Қорғаныс министрі кім болды

Ресей президенті бұған дейін Сергей Шойгу болған қорғаныс министрі лауазымына Андрей Белоусовтың кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Федерация Кеңесінің Telegram-каналындағы хабарламада айтылған. Бұрынғы үкіметте Белоусов премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

65 жастағы Белоусов әр уақытта мемлекет басшысы Владимир Путиннің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі, РФ Үкіметінің Экономика және қаржы департаментінің директоры, Макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжау орталығының бас директоры, 1981-2006 жылдары Ресей ғылым академиясында жұмыс істеді.