Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғаліміне пышақпен тап берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Павлодар облысының полициясы мектеп оқушысы сыныптасына, сондай-ақ мұғаліміне пышақпен жарақат салғанын хабарлайды.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Мектеп оқушыларына қатысты қылмыстар елде бұдан бұрын да тіркелген. Биыл 2 мамырда Жамбыл облысында оқушыны дәретханада ұрып өлтіргені белгілі болды.