Астанада тұрғын үйдің қасбеті баланың басына құлады: Полиция қылмыстық іс қозғады

Ulysmedia

Астанада баланың басына тұрғын үйдің қасбеті құлаған болатын. Астана қалалық ПД баспасөз қызметі осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: видеодан кадр

Полиция не деді

Нұра ауданының Полиция басқармасы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Не болды

Бұған дейін елордада көпқабатты тұрғын үйден шыға берген баланың үстіне үйдің қасбетіндегі қаптама құлағаны туралы жазған болатынбыз.