Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған

Ғалиасқар Думан

Салдарынан автобус жүргізушісі жараланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Пышақ ала жүгірген

Оқиға Алматы қаласында болған. Автобус жүргізушісімен сөзге келіп қалған тұрғын оған пышақ ала жүгірген. Және суық қарумен жарақаттап үлгерген. Қазір бұзақы қамауға алынған.  

"Суық қару қолданған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамдар арасында ауызша қақтығыс болған, содан кейін қатысушылардың бірі пышақ қолданған. Қылмыс құралы тәркіленді",-деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, былтыр Алматыдағы жантүршігерлік автобус апаты  болған еді.

Осы оқиғаның салдарынан ерлі-зайыпты Талап Қасымов пен Гүлжан Ерсімбетова, сондай-ақ, Айдос Әлменбаев атты үш азамат көз жұмған. Қайғылы оқиға болған күні олар жол жиегінде көлік тоқтатып тұрған. Апат кезінде үш баланың әкесі Айдос Әлменбаев та қаза тапты. Оның кіші қызы небәрі төрт жаста.

Үш азаматтың қаза болу фактісі бойынша Алматы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі (көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ережелерді бұзу) бойынша, 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық істерді тіркеген. Сот Жоғарғы соттың ютуб-арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Сот үкімі бойынша автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаеваны ұрған Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі (көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ережелерді бұзу) бойынша, 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды. Ахметжанов түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айырылды.