Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккен мектептердің жағдайы не болмақ?

Ulysmedia

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: Aikyn.kz

Күрделі жөндеуден өтеді

Алматы облысында жер сілкінісі кезінде зардап шеккен мектептер мен колледжде күрделі жөндеу жүргізілетіні белгілі болды. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды. Облыстың 8 мектебі мен 1 колледжінің қабырғасы жарылып, іргетасы қақыраған.

Күрделі жөндеуден өтетін мектептердің тізімі мынадай:

  • Іле ауданы, Түймебаев ауылында
  • №20 Боралдай ауылында №40 орта мектеп 
  • Еңбекшіқазақ ауданы, Қаипов ауылы Қазақстан орта мектебі 
  • Жамбыл ауданы, Еңбекшіарал орта мектебі, Қайназар №2 орта мектебі 
  • Ұйғыр ауданы Хамраев атындағы, Шырын, Дардамты орта мектептері 
  • Шонжы политехникалық колледжінің шеберханасы 

“Қазіргі уақытта барлық зардап шеккен білім беру объектілері үшін техникалық қорытындылар мен жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалуда, олардың негізінде күрделі жөндеу жүргізілетін болады,”- деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.   

Жөндеу жұмыстарын қаржыландыру төтенше жағдайларға арналған резерв қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Алматыдағы жер сілкінісі

Еске салсақ, Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты. 

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Жер сілкінісінен кейін мектептер мен ауруханалардың қабырғасынан жарықшақтар анықталған.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.