Зерендіде депутат көлігімен итті қағып өлтірген: Amanat қандай шешім қабылдады

Сырым Қаржас

Amanat саяси партиясының мәліметінше, итті қағып кеткен депутат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Amanat партиясы депутат Қайрат Нұрғалиевтің итке байланысты оқиғасына түсініктеме берді.

Толығырақ

– Тексеру нәтижелері бойынша Amanat партиясының Ақмола облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы Қайрат Ауғалиев қаңғыбас итті абайсызда, қаскүнем пиғылсыз қаққанын анықтады, - делінген хабарламада.

Депутат сөгіс түрінде партиялық жауапкершілікке тартылған.

Бұған дейін Ақмола облысы Зеренді ауданының тұрғындары облыстық мәслихат депутатын жануарға қатыгездік жасады деп айыптаған.

Олар Ауғалиевтің тұрақта жатқан итті адамдардың көзінше мыжып өлтіргеніне куә болған.

Сот депутатқа 18 мың теңге айыппұл салды.