Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Ulysmedia

Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойып, жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді, – деп мәлімдеді Антикор.

Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзге ақпаратты жариялаудан бас тартты.