«Бұршақ жауады»: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде (16-18 мамыр аралығы) ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Астанада:

16 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел – 7-12 м/с. Ауа температурасы – түнде 0+2°С, топырақ бетінде -2°С аяз, күндіз +16+18°С;

17 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел – оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы – түнде +5+7°С, күндіз +20+22°С;

18 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыстан соғатын жел –түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы – түнде +7+9, күндіз +22+24°C.

Алматыда:

16 мамыр – көшпелі бұлтты, кешке жаңбыр, кей жерде нөсер, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел – солтүстік-батыстан 3-8, найзағайдың екпіні – 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +25+27°С;

17 мамыр – көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр, кей жерде нөсер, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 3-8, найзағайдың екпіні – 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +21+23°С;

18 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел – 3-8, найзағайдың екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте:

16 мамыр – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 8-13, найзағайдың екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +24+26°С;

17 мамыр – көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел – 8-13 м/с. Ауа температурасы – түнде +14+16°С, күндіз +27+29°С;

18 мамыр – көшпелі бұлт шығады, кей жерде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Батыстан соғатын желдің күші – 8-13, екпіні – 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +22+24°С.