Бразилияда Grammy сыйлығының иегері ұшақ апатынан қаза тапты

Ulysmedia

Бразилиялық әнші Марилия Мендонса Минас-Жерайс штатында ұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ria.ru-дың мәліметінше, Ұшақ ауыл маңына құлаған.

«Құрбан болғандар арасында әнші Марилия Мендонса да бар», - делінген хабарламада.

Globonews телеарнасына әншінің өкілдері бес адам: әнші, оның ағасы, продюсері және екі ұшқыш қаза тапқанын растады.

Мендонс 26 жаста еді. 2019 жылы ол Grammy Latino сыйлығын жеңіп алған болатын.